Текст
2022жыл "Балалар жылы" болғандықтан аудандық білім бөлімінің рұқсатымен Қаратал ауылының бастауыш мектебінде 25 қарашада ауыл балаларына арнап 1-11 сыныптағы ұлдарға арнап "Қазақша күрес" секциясы ашылды. Тренер Хуаныш Асылмұрат. Балаларымыз бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтына назар аудару мақсатында. Ең бірінші осы секцияның ашылуына ата-аналары үлкен көмек көрсетті. Ауыл жастары мен ата-аналар,жеке шаруашылық секторлары керекті мат, құрал-жабдықтар мен киманоларына спонсорлық көрсетті.